Нәтижеге қалай қол жеткізуге болады

Интерактивті, практикалық тұрғыда өз ағылшын деңгейін қалай тиімді арттыруға болады? Тіл үйрену көбінесе спортзалға барумен бірдей: ол тәртіпті және күнделікті рухты талап етеді. Сіздің ағылшын тілі деңгейіңізді арттыру үшін ешқандай «құпия сиқыр» жоқ, бірақ дұрыс оқытушы бола отырып және дұрыс бағдарлама бойынша жұмыс істей отырып, сіз нәтижелерді көресіз... кепілдік беріледі! Next Level English-да біз АҚШ және Австралия сияқты ағылшын тілді елдердің кәсіби ұстаздарын ғана жұмысқа аламыз. Біздің оқытушыларымыздың әрқайсысы орта есеппен 10 жылдық ағылшын тілін оқыту тәжірибесіне ие. Бізге тілді үйренудің күнделікті үрдісі белгілі және біз Сізге қажетті нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатынын білеміз.

Грамматика: болады не болмайды?

Грамматика әрдайым суіздің әлсіз тұсыңыз болды ма? Сіз жиі өз ойыңызды білдіру үшін өзіңіздің сөздік қорыңыз жеткіліксіз деп ойлайсыз ба? Әдетте, адамдар жаңа сөздер мен грамматикалық ережелердің ұзақ тізімін жеке жаттап үйренеді, бірақ, әдетте, бұл тиімді емес. Зерттеулер грамматика сөздік қорының (бұл процесс "лексикалық грамматика" деп аталады), тілдің "фрагменттерін" қолдана отырып, оған сүйенуге болатын дайын схема ретінде оқытылуы тиіс екенін көрсетті. Бұл тәсіл оқушыларға терең білім береді және ағылшын тілінің қалай орналасқанын интуитивті түсінуге мүмкіндік береді, нәтижесінде бұл тілді жылдам және еркін меңгеруді дамытады. Сонымен қатар, біздің оқытушылар нақты жағдайда лексикалық грамматиканың жаңа тұжырымдамаларын қолдана алу үшін практикалық ауызша және жазбаша тапсырмалар береді. Осы табыс рецептінің арқасында сіз қысқа мерзімде ана тіліңіз секілді ағылшын тілінде сөйлей бастайсыз!

«Тілдік кедергі» туралы дақпырт

Ағылшын тілін іс жүзінде меңгермеген ересек адам ағылшын тілінде еркін сөйлей бастауы мүмкін бе? Бұл: "Отырып жұымс істейтін ересек адам жаттығу залында нәтижелерге қол жеткізе алады ма?" -деп сұраумен бірдей. Жауап: әрине, мүмкін! Ең үздік нәтижелерді көргендер ғана өздерінің ұзақ мерзімді маққсаттарын естен шығармай, күнделікті үрдіске назар аударады. Көптеген ересек оқушылар өздерінде «тілдік тосқауыл» бар екенін айтады, бірақ бұл кедергі – өз бетімен ойлап тапқан дақпырт секілді. Одан құтылудың жеңіл екені де жақсы. Тілдік кедергілерді жою үшін ең тиімді құрал сізді таң қалдыруы мүмкін, бірақ бұл құрал СЕНІМДІЛІК болып табылады.Ал қалай өзіңе сенімді болуға және қиындықсыз сөйлеуге болады? Біздің тіл иелері-оқытушыларымызбен сіз біртіндеп өзіңіз күтпегендей деңгейде сөйлеуге деген сенімділікке ие боласыз!

Аралық кедергіні қалай
жеңіп өту керек

Көптеген студенттер бізге келгенде өздерін орта деңгейде қалып қалғандай сезіммен келеді. Олар ағылшын тілін көптеген айлар, тіпті жылдар бойына үйреніп келеді, бірақ жиі өздерінің жетістіктеріне көңілдері толмайды. Бір жағынан, олар еркін сөйлейді, бірақ екінші жағынан жоғары дәлдікке және тілдік ауқымға қол жеткізгілері келеді. Олар өздерін бір деңгейде тұрып қалғандай сезінеді және келесі деңгейге қалай өту керектігін білмейді. Біз мұны «аралық кедергі» деп атаймыз. Тек тәжірибелі оқытушыға оқушыларды орта деңгейден (B1-B2) ілгері деңгейге (C1) қалай ауыстыру керектігі белгілі. Күрделі ілгері грамматика мен лексикаға, академиялық жазу мен оқу міндеттеріне, абстрактілі тақырыптарға арналған пікірталастарға және таныстыру рәсімінің дағдыларына назар аудара отырып, біз сізді келесі деңгейге шығарамыз.

Біз келесі алты (6) деңгейде оқытамыз:

• Нөлдік (А1)
• Бастапқы (A2)
• Орташадан төмен (B1)
• Орташа (B1 +)
• Орташадан жоғары (B2)
• Ілгері (C1)

Әрбір деңгейден өту үшін English Unlimited, Cambridge University Press сериясының оқулықтарын және ұстазға арналған нұсқаулықты пайдаланумен шамамен 50-60 астрономиялық сағат талап етіледі. Сіз өз деңгейіңізді анықтау үшін тесттен өте аласыз.

Оқудан әртүрлі тәсілдермен өтуге болады:

• Жеке (стандартты немесе қарқынды нұсқа)
• Жұппен (стандартты немесе қарқынды нұсқа)
• Шағын топтарда
• Топпен

Немесе бізді барып оқыту үшін өзіңізге офиске шақырыңыз

Іскерлік ағылшын

Іскерлік ағылшын - бұл іскерлік тақырыптар мен тапсырмаларды қолдана отырып, студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған кешенді курс.

Кез келген сұрақтар?