Сіз бүгінгі таңда әлемдегі ең үздік болып саналатын білім алғыңыз келе ме? Ал өз арманыңызды жүзеге асырғыңыз және ағылшын тілді елде жұмыс істегіңіз келе ме? IELTS емтиханы осы мақсатқа қол жеткізуде қажетті кезең болуы мүмкін. IELTS «Ағылшын тілін меңгеру деңгейін тестілеудің халықаралық жүйесін» білдіреді. Егер сіз бакалавр, магистр немесе ғылым докторы дәрежесін алу үшін шетелде оқығыңыз келсе, академиялық тіл деңгейін анықтауға арналған IELTS емтиханы Сізге әлемнің ең үздік университеттерінің есігін ашатын кілт болады. Жалпы сөйлеу тілінің деңгейін анықтау үшін IELTS емтиханы Канада, Ұлыбритания және Австралия сияқты елдерге кәсіби көшіп-қону кезінде пайдаланылуы мүмкін. Сіз алатын Балл 1-ден 9-ға дейінгі баллдардың жалпы сомасы жүйесі бойынша анықталады және сіздің тілді білу деңгейіңізді A1-ден (бастапқы деңгей) C2-ге (еркін меңгеру) дейін Жалпыеуропалық жіктеу (CEFR) бойынша анықтайды. Бұл баллдар сіздің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін университеттер мен көші-қон бөлімдерінде қолданылады. Ағылшын тілін меңгеру деңгейінің стандарттары үнемі көтеріліп тұрады және егер сіз басқа өтініш білдірушілермен салыстырғанда бәсекелестік басымдылыққа ие болғыңыз келсе, Сізге барынша жоғары балл алу қажет.