Сіз бүгінгі таңда әлемдегі ең үздік болып саналатын білім алғыңыз келе ме? Ал өз арманыңызды жүзеге асырғыңыз және ағылшын тілді елде жұмыс істегіңіз келе ме? IELTS емтиханы осы мақсатқа қол жеткізуде қажетті кезең болуы мүмкін. IELTS «Ағылшын тілін меңгеру деңгейін тестілеудің халықаралық жүйесін» білдіреді. Егер сіз бакалавр, магистр немесе ғылым докторы дәрежесін алу үшін шетелде оқығыңыз келсе, академиялық тіл деңгейін анықтауға арналған IELTS емтиханы Сізге әлемнің ең үздік университеттерінің есігін ашатын кілт болады. Жалпы сөйлеу тілінің деңгейін анықтау үшін IELTS емтиханы Канада, Ұлыбритания және Австралия сияқты елдерге кәсіби көшіп-қону кезінде пайдаланылуы мүмкін. Сіз алатын Балл 1-ден 9-ға дейінгі баллдардың жалпы сомасы жүйесі бойынша анықталады және сіздің тілді білу деңгейіңізді A1-ден (бастапқы деңгей) C2-ге (еркін меңгеру) дейін Жалпыеуропалық жіктеу (CEFR) бойынша анықтайды. Бұл баллдар сіздің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін университеттер мен көші-қон бөлімдерінде қолданылады. Ағылшын тілін меңгеру деңгейінің стандарттары үнемі көтеріліп тұрады және егер сіз басқа өтініш білдірушілермен салыстырғанда бәсекелестік басымдылыққа ие болғыңыз келсе, Сізге барынша жоғары балл алу қажет.

«Next Level English» орталығы студенттерді тіл иелері оқытатын еркін меңгеруге және сөйлеуге, сондай-ақ грамматикалық дәлдікке, белсенді сөз қорын қалыптастыруға, жазу кезіндегі қисындық байламға, жалпы академиялық ойлаумен бірге сөйлеудің үйлесімділігіне баса назар аудара отырып, ең жоғары деңгейде дайындайды. Әрбір сабақ тақырыптық түрде B2-ден (ортадан жоғары) C1-ге (жоғары деңгей) дейінгі деңгейлер үшін модульдерге бөлінген. Біздің тіл иелері-ұстаздарымыз 7-9 деңгейінде жоғары балл алатын студенттерді оқытуда мол тәжірибеге ие. Қазіргі уақытта біздің бұрынғы студенттеріміз АҚШ-тан, Ұлыбританиядан және Канададан бастап Австралияға, Жаңа Зеландияға және Сингапурға дейін әртүрлі елдердің көптеген үздік университеттерінде білім алуда. Егер Сіз әлемнің кез келген нүктесінде қандай да бір тамаша жерде оқуды және жұмыс істеуді армандайтын болсаңыз – біз сізге көмектесе аламыз!

Біз әрдайым 100% тіл иелерімен оқыту ұсынысымызбен бірегей орталық болып қаламыз. Егер сізде біздің әкімшілікке сұрақтарыңыз болатын болса немесе егер Сіз оқуды бүгіннен бастап бастағыңыз келетін болса, кері қоңырауға сұранымды жіберіңіз!
Курс: IELTS
Академиялық/Жалпы (жеке немесе шағын топта)
Оқытушы (оқытушылары): 100% тіл иесі (АҚШ/Ұлыбритания/Канада/Австралия)
Курстың ұзақтығы: 36 астрономиялық сағат (60мин)
Материалдар: Objective IELTS Advanced оқу құралы (Cambridge University Press), оқытушыға арналған нұсқаулық (беріледі)

IELTS бойынша маманмен тегін 15-минуттық сөйлесу